Ернiм бара бередi ерiнiңе – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ернiм бара бередi ерiнiңе» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 1
  • 741
Ернiм бара бередi ерiнiңе,
Ерке сезiм ес-түссiз емiнуде.
Алпыс екi тамырың иiгендей
Сен де бейғам бейiлсiң берiлуге.
Көзiм түсе бередi тоқ төсiңе,
Көңiл бейiм шоқ көсеп, от кешуге.
Тоқсан тоғыз түймеңнiң түгi қалмай,
Тоғыз қабат торғынды оқ тесуде...
Қолым бара бередi аш белiңе,
Тоят лазым тойымсыз мас көңiлге.
Қамалың да, қақпаң да қаусап калды
Қарсы қайрат қыла алмай лəшкерiме!..
Көңiл ауа бередi алма жаққа,
Қалай қайыл қалмассың ол ғажапқа?!
Жазылмаса жұбымыз екен деймiн
Ап кеткенше Жəбiрейiл Алла жаққа...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Ермек Сарин

Шынайы сезім мен құштарлық тамаша жеткізілген.

Осы автордың басқа өлеңдері