Санамды салқыны ұрған Перiмiсiң? –
Исраил Сапарбай
Бұл бетте «Санамды салқыны ұрған Перiмiсiң?» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Санамды салқыны ұрған Перiмiсiң?
Сəуiрдiң, əлде самал лебiмiсiң?
Жаңылмай, жазбай тапсам, жазығым не,
Жаралған жан екенсiң менiң үшiн.
Мен үшiн рас болса жаралғаның,
Сездiршi тордан шығар шамаң барын.
Құмында құлан жортқан қу медиен
Мен де бiр Барсакелмес аралдамын...
Мен үшiн жаралғаның анық, қанық!
Бұл сөздi қайталаудан жалықпалық.
Қара түн жамалыңды көрсетпейдi
Қанатын Қарақұстай қағып қалып.
Көлеңкең күндiз бар да түнде ғайып,
Күн батып,
Ай туғанда бiр болайық.
Құдайдың көктен түскен Перiштесi
Құдай-ау, маған емей, кiмге лайық?!
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі