Өлең, жыр, ақындар

Есiмнен тандырдың-ау, тандырдың-ау

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 628
Есiмнен тандырдың-ау, тандырдың-ау,
Көл-көсiр көз жасым ба жаңбыр мынау?
Үнiм бе күркiреген Хақтың күнi,
Мұның не, жан құрбым-ау, жан құрбым-ау?
Бiлмеймiн, Күн батты ма, таң атты ма,
Сұрмерген талма тұстан тағы атты ма?
Аз ба едi, құдайым-ау, бұл жүректiң
Алпыс жыл жатқанына абақтыда?!
Бiлмеймiн,
Таң атты ма,
Күн батты ма?
Iбiлiс тiл қатты ма ?..
Жын қақты ма?..
Ай жылап, жұлдыз шұбап,
Аспан құлап,
Түбiне тұңғиықтың шым батты ма?
Танымай жүрген екем тағдырымды:
Жазмышым жаналқымда талға iлiндi.
Қар шайнап қапияда соққан дауыл
Шығарды-ау қас қаққанша дал-дұлымды!
Тас түйiн Тұйғыны едiм қанаттының,
Жайратты-ау жалғыз оғы жарақтының.
Қан құсқан қапасында қайран жүрек,
Шынымен табармысың тағат-тыным?
Халiңдi қайтейiн-ай қансыраған,
Сен де бiр ақ жұмыртқа ең аршымаған…
Жасыңды кiм сүртедi, жайың сұрап?
Қаныңды кiм жуады тамшылаған?
…Есiмнен тандырдың-ау, тандырдың-ау,
Көл-көсiр көз жасым ба жаңбыр мынау?
Үнiм бе күркiреген Хақтың күнi,
Мұның не, жан құрбым-ау, жан құрбым-ау?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен бір оңып тұрғандай...

  • 0
  • 0

Көктің көзі нұрланбай,
Суық қарап сұрланды Ай.
Мелшиеді дүние,
Мен бір оңып тұрғандай.

Толық

Қиял бәйтерегі

  • 0
  • 0

Аспан жақтан алғызған,
Жер қойнына салғызған,
Жүре келе көктеді
Жүрегімде жалғыз дəн.

Толық

Құдайым бəрiн саған бере салған

  • 0
  • 0

Құдайым бəрiн саған бере салған:
Көркiң бар көрген жанға елес, арман...
Көлденең көк аттының көзi өтпесе,
Тағдыры талай гүлдiң неге солған?

Толық