Тілек – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Тілек» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1045
Көңiл шiркiн бəйтеректей көк тiреп,
Өн бойыма от тамызып өттi леп...
Сағынғанда,
Самалға мұң шақпай-ақ,
Саған, жаным, айтар едiм көп тiлек.
Бiлдiрейiн сол тiлектiң бiрiн мен
Жүрегiмдi жайлап алған дiрiлмен.
Жалғыз тамшың болсам еттi мен сенiң
Iлуде бiр кiрпiгiңе iлiнген.
Аңсап, шаршап, таусылғанда айла-амал,
Ақ жүзiңдi көрсем деймiн айнадан.
Жан шуағың болсам еттi мен сенiң.
Жаз күнiндей жанарыңда жайнаған.
Көбелектей жарық шамға ұрынған
Жалғыз сен деп шырылдайды шыбын жан.
Жан серiгiң болсам еттi мен сенiң
Құлдық ұрып құбылаңа жығылған?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тілек өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Тілек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тілек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тілек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері