Түн түндiгiн жапқалы таң ұрланды – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Түн түндiгiн жапқалы таң ұрланды» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 701
Түн түндiгiн жапқалы таң ұрланды,
Тар төсекте тал бойың тағы ырғалды.
Сала құлаш шашыңнан сəл босаса,
Саусағыммен санаймын қабырғаңды.
Бiреу, екеу...
Аржағы – ақ бəденiң..,
Талаураған тал бойың, тəттi əлемiң...
Екi кештiң əфсана əлетiнде
Есi-дертiм ауады таққа менiң!
Таққа мiнген қандай-ды,
Таққа қонған!
Саулық тiлеп сəт сайын Сақтағаннан!
Икемiме илiгiп исiнедi
Ақ қанатын жайып сап əппақ Арман!
Əппақ арман,
Ақ жастық,
Шашың қолаң...
Аптығыммен əуремiн басылмаған.
Əлсiн-əлсiн бүркейсiң əлiң құрып
Əбдiреңдi ашылған, ашылмаған...
...Таң бiлiндi түн өңi бозандана,
Көңiл көкте,
Көрiмпаз көз алмада.
Ертегiнiң елiмен қоштасалық,
Есiңдi жи,
Көзiңдi аш, гөзал бала...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері