Бұлт маңады тау жаққа көктен көлбей – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Бұлт маңады тау жаққа көктен көлбей» атты Исраил Сапарбай жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 19.07.2021
  • 0
  • 0
  • 762
Бұлт маңады тау жаққа көктен көлбей,
Өрекпидi өзен де өткел бермей.
Уақыт шiркiн барады қайда асығып,
Су бетiмен жүгiрiп өткен желдей?..
Шөмелелер шөмиiп қырқадағы,
Етек-жеңiн көкжиек қымтанады.
Ұзатылған мұңлықтай жер түбiне
Жұлдыздардың көзiнен мұң тамады.
Көкте ме, əлде, жерде ме?
Айым қайда?
Жаңғырығым жапанға жайылмай ма?!
Əрi қарай тiзiлiп қайтқан құсты
Берi қарай құдайым қайырмай ма?..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері