Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Жүрiп өткен iзiңдi санамалап

Бұл бетте «Жүрiп өткен iзiңдi санамалап» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2021
  • 0
  • 0
  • 589
Жүрiп өткен iзiңдi санамалап,
Алаңдайды көңiлiм ала қанат.
Жер басқанның бəрi де пенде болса,
Перiштенiң жолын кiм жаңаламақ?!
Перiштесiң!
Титтей де жоқ күмəнiм!
Аспан – сенiң ауылың,
Көк – тұрағың.
Мезгiлiмдi мерт қылмай, ертелi-кеш,
Мен де, бəлкiм, сол жаққа бет бұрармын.
Неге сенi еске алдым тағы бүгiн?
Есебiмнен бұл, бəлкiм, жаңылуым?..
Алпыс екi тамырдың талшығына
Тарап кетсе қайтейiн, жаным, уың?
Перiштесiң...
Ғайыптан жетер ме үнiң?..
Қол созғаным, қош айтпай, бекер күнiм.
Шерменденiң шекпенi кiмге дəрi?
Шерге айналып кетпегей шекер мұңым...
Бар екенi рас болса қанатыңның,
Жарқ етсеңшi қойнынан қара түннiң!
...Жазғаны мен айтқаны кiмге керек,
Перiштедей болмаса жары ақынның?!.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрiп өткен iзiңдi санамалап өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Жүрiп өткен iзiңдi санамалап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрiп өткен iзiңдi санамалап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрiп өткен iзiңдi санамалап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері