Арман – қыз – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Арман – қыз» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1457
Көңілімнен көкжиекке Күн қашып,
Неге мені бара жатыр мұң басып?
Қанша қызбен жүрдім бірге сырласып,
Біреуіне бола алмадым шын ғашық.
Жанарымнан тамып түсіп тамшы – мұң,
Неге сонша өзімді-өзім жаншыдым?
Қылығы да, тұнығы да балшырын
Əнші қызға айта алмадым жан сырын.
«Осы болар ақ періштем» – деуменен
Қанша қызға жыр ұшырдым кеудеден?..
Түн ішінде түсіме енген бейнемен
Қол ұстасып келе жаттым кейде Мен...
«Жалмауыздай жайын ауыз, кең көмей
көкжиекке Күнім ерте енбегей», –
деп жүргенде жүрегімді желбегей
жаралады қанша сұлу, емдемей?..
Көкірегіме көнбіс төзім мекендеп
Шықсам дедім шырқау шыңға төте өрлеп.
Төлеген боп Жайыққа да жол шектім
Жібегімнің жүрегіне жетем деп...
Қанша қыздың жанарында мөлдіреп
Үміт қолын созды маған сол Жібек...
Аңғал басым қаншама рет алдандым
Айдыныма аққу құсым қонды деп...
Көңілімнің қайнарына қанықпай
Қанша кыздар кете барды мені ұқпай.
Арман болған ақ Періштем, амал не,
Əлі күнге келе жатыр жолықпай.
Бір жалт етіп сынығындай сəуленің
Кетсе де өтіп жасыл, жасын Дəуренім,
Мынау жұмыр Жер бетінен, Арман – қыз
Əлі күнге сені іздеумен əуремін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арман – қыз өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Арман – қыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арман – қыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арман – қыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері