Оралыңның барында ойна да күл – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Оралыңның барында ойна да күл» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.07.2021
  • 0
  • 1
  • 18938
«Оралыңның барында ойна да күл...»
Қырмызыңда қызыққа тойма, жаным.
Жайлауында жазира жастығыңның
жауқазындай жарасар жайнағаның.
Қызық қуып қыдырып кет демеймін,
Мезгіл туса, тұрмайды көктемей гүл.
Сəби – сезім тым сенгіш,
Алданып қап...
Тұнығына көзіңнің шөкпегей мұң.
Өткен күннің болмайды бəрі ғайып,
Əр мезгілдің өзіне əні лайық.
Ақ арманның жолында не көрсек те
Арымайық,
азбайық,
налымайық.
Дұшпаның аз,
көбейсін досың, құрбың,
Жалғыз жанға көңілдің қошын білдір.
Жігітіңмен жарасып,
қонысыңа
қол ұстасып кет те қал сосын бір күн!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Салтанат

Өлең өте әсерлі жазылған екен. «Оралыңның барында ойна да күл» деген ой арқылы автор өмірдің қысқа екенін, жастық шақтың қадірін білу керектігін жақсы жеткізген. Өлеңдегі әрбір жол оқырманды ойландырып, уақыттың қадірін түсінуге шақырады. Адам өмірінде қуанып, күліп, жақсылыққа ұмтылатын кезеңдер болады, сол сәттердің бағасын білуді ақын өте әдемі суреттеген.

Тілі жеңіл, мағынасы терең, оқуға өте жағымды. Осындай тәрбиелік мәні бар өлеңдер жастарға да үлкен ой салады деп ойлаймын.

Осы автордың басқа өлеңдері