Елжіреуік бір сезім езді ырқымды – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Елжіреуік бір сезім езді ырқымды» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 610
Елжіреуік бір сезім езді ырқымды...
Көмейіме кептеліп сөз де іркілді.
Келтіре алмай отырмын сені бермен,
Өлтіре алмай отырмын көз құртымды.
Бірде жақын арамыз, бірде шалғай.
Шалғай шақта шарқ ұрам тілдесе алмай.
Мен жабырқап жүремін іштен тынып,
Сен жарқырап жүресің күнде шамдай.
Сабыр сарқып салбөксе сағым, мұнар,
Сəл көрінбей қалған сəт сағындырар.
Жалауымды жықпас жан
қалауымды
қабыл қылар,
кім білсін халімді ұғар...
Əрі шалғай арамыз, əрі жақын.
Шамаң бар ма жай сұрап, хал ұғатын?
Адам керек ағынан жарылатын,
Қамығатын,
Жылайтын,
Сағынатын...
Айырбастап музамды мұңды ырғаққа
Түн жамылып барсам ба тұнжыр баққа?
Жұмақ іздеп жүргенде...
Тағдырым-ай,
тап болдың-ау тағы да бір жұмбаққа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Елжіреуік бір сезім езді ырқымды өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Елжіреуік бір сезім езді ырқымды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Елжіреуік бір сезім езді ырқымды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Елжіреуік бір сезім езді ырқымды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері