Бұл өмірден – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Бұл өмірден» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1161
Бұл өмірден –
Тұл өмірден жалықтым.
Жарық күннің жалғандығын жаңа ұқтым.
Шыбын жанды шығара алмай кеудемнен,
Жарым түнде жанталасқан ғаріппін!..
Бұл өмірден –
Тұл өмірден жалықтым,
Қыр-сырына қияметтің қанықтым...
Ойсыз, мұңсыз,
Айсыз, Күнсіз,
Тас түнек
Тылсымында тұншығайын табыттың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл өмірден өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Бұл өмірден өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұл өмірден өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұл өмірден өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері