Ериді қашан қар мына қалың? – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ериді қашан қар мына қалың?» атты Исраил Сапарбай жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 675
Ериді қашан қар мына қалың?
Елеусіз,
Елсіз қалды ма бағым?..
Сағындым салқын сабатын қырдың,
Сағындым бақтың балғын ажарын.
Жариды қашан көңілім жазға?
Білмеймін, көп пе,
Өмірім аз ба...
Өткеннің қайтып
Келмесін айтып,
Кеудемнің шерін, қоңыр үн, қозға!
Қоңыр үн,
Қобыз сарыны ма едің?
Жадырар ма екен жабығулы өңім:
Сауытын шешші,
Қызыл жел, қыстың,
Сарқылар болды сабырым менің!!!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері