Бір шырқасам деп едім даусым барда – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Бір шырқасам деп едім даусым барда» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 686
Бір шырқасам деп едім даусым барда,
Жаңғырығым жамырап тау, шыңдарға.
Үнім шықпай қалды ғой, үнім шықпай,
Құдай берген қуатым таусылған ба?..
Бір желпінсем деп едім өлеңменен,
Жан көрмедім жанымда елеңдеген.
Қоңсы қонсам қолымнан не келеді
«Самарқаумен»,
«Мылқаумен»,
«Кереңменен»?
Бір қуансам деп едім шын көңілмен,
Кісімсініп кіржиді кім көрінген.
Ұстатпай-ақ қойдың-ау дүміңді бір
Сұм дүние-ай, суырдай інге кірген.
Бір шалқысам деп едім жас шағыммен,
Армандаудан əріге аспадым мен.
Қайран күнім, қайрылмай кетіпсің-ау
Қайырласып тұрғанда қас-қағыммен...
Бір мұңдассам деп едім сүйгеніммен,
Аса алмадым абыржып, именуден.
Төңірегін сыбыр мен күбір жайлап,
Еңіреді елесі үйде жүрген...
Бір қауышсам деп едім жан досыммен,
Жібермеді қасиет қанға сіңген.
Біреуге кең, біреуге кем дүние
Келе жатыр осылай жалғасумен.
Бір марқайсам деп едім жырым барда,
Құлагердей құрыққа ілінді ол да.
Өтеміз бе шынымен бұл фəниден
Бір шипагер таба алмай шыбын жанға?.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір шырқасам деп едім даусым барда өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Бір шырқасам деп едім даусым барда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір шырқасам деп едім даусым барда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір шырқасам деп едім даусым барда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері