Аққуы аспанға ұшып айдынымның – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Аққуы аспанға ұшып айдынымның» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 750
Аққуы аспанға ұшып айдынымның,
Жаңылдым есебінен ай-күнімнің.
Сарнадым cap қамыстай желді күнгі,
Қанбадым шəрбатына Лəйлі-мұңның.
Көзіме екі көлді мəймілдеттім.
Көрінбей көкжиекке, ай-күн, кеттің...
Көңілден көкала үйрек ұшқаннан соң
Көрінген көк түйнекті Лəйлім деппін.
Қамалдым қаңғып келіп торға құстай,
Аққуым көлден ұшты-ау, қолдан ұшпай.
Тілегім тіл ұшында тұтқындалып,
Жүрегім ыңырсыды жолбарыстай.
Айрылып аққуынан – алқасынан
Айдыным жатыр түсіп шалқасынан.
Мен жүрмін аспан-жердің арасында
Арадай арлы-берлі бал тасыған...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері