Көрінсе əзірейілдей ақ самайым – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Көрінсе əзірейілдей ақ самайым» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 615
Көрінсе əзірейілдей ақ самайым,
Мен неге зарламайын, қақсамайын?
Қалуым қалтарыста жиіледі
Таусылған насыбайы шақшадайын.
Сезімді төзім тежеп, қарғыбаулап,
Жатқандай бас жақта да қар қылаулап...
Баулыған тастүлектей күні кеше
Аулынан көп қызықтың қалдым аулақ.
Арбайтын алдарқатып мұқым жанды
Дүние сылқым сайтан сықылданды.
Қып-қызыл шоғы сөніп темекінің,
Орнында түкке алғысыз тұқыл қалды.
Құдайым қай тілекті қабыл алды?
Жүйріктің қай бəйгеде бағы жанды?
Апталған ай нұрымен алдаспанның
Бүгінде сарғыш тартқан сабы қалды.
Тал түстен ауған шақта күн бесінге
Жүрегім сонша неге мұң кешуде?
Жабыны жарылқағыш жандайшаптар
Жүйріктің қызғанып жүр жүлдесін де.
Ақ жүзі жарқылдаған алмас едік...
Енді не болар екен жанға серік?
Кеудемнің жалғыз ғана жарық шамы,
Жалп етіп сен де бір күн қалма сөніп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көрінсе əзірейілдей ақ самайым өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Көрінсе əзірейілдей ақ самайым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көрінсе əзірейілдей ақ самайым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көрінсе əзірейілдей ақ самайым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері