«Кеңсай» мен Кент арасы таяқ тастам – Исраил Сапарбай

Бұл бетте ««Кеңсай» мен Кент арасы таяқ тастам» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 661
«Кеңсай» мен Кент арасы таяқ тастам,
Алдыңнан аруақ шығар, аяқ бассаң.
Асырып айла-амалын Ажал шіркін
Бір күні ап кете ме оятпастан…
«Кеңсай» мен Кент арасы көк пен жердей,
Көк пен жер көкжиекпен шектелгендей.
Арада Өмір деген өр өзен бар
Жататын жаз, көктемде өткел бермей.
«Кеңсай» мен Кент арасы бір-ақ адым,
Сен оның жөн-жосығын сұрамағын.
Тағы да аяқталды ай, аптаңыз,
Тағы да таяп қалды Жұмаға күн…
Келмейді «Кеңсайлықтар» қала жаққа,
Қимайды жарық күнді жаманатқа.
Жұп жазбай жұмағында жатыр олар
Жұмбағын тастап қойып жамағатқа.
«Кеңсай» мен Кент арасы таяқ тастам,
Алдыңнан аруақ шығар, аяқ бассаң.
Сайдан да, сағымнан да сая таппас
Саннан да, санаттан да саяқ қашқан.
«Кеңсай» мен Кент арасы таяқ тастам…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

«Кеңсай» мен Кент арасы таяқ тастам өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

«Кеңсай» мен Кент арасы таяқ тастам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

«Кеңсай» мен Кент арасы таяқ тастам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

«Кеңсай» мен Кент арасы таяқ тастам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері