Жамыратса толқынын Өмір – теңіз – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жамыратса толқынын Өмір – теңіз» атты Исраил Сапарбай жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 573
Жамыратса толқынын Өмір – теңіз,
Жабайыдай жағада неге үркеміз?
Бордақыға байланған арам тəнді
Өтірікпен, өсекпен семіртеміз.
Іркіт іштен,
Іриді балық бастан...
Арманыңды қайтейін алып қашқан?
«Бас-басына би болған өңкей қиқым...»
Абай сөзін жүрсің-ау əлі ұқпастан.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері