Кеңсай – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Кеңсай» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1394
Қаланың ту сыртында қала жатыр,
Бала жатыр,
Онда əзіз ана жатыр...
Ақ тер, көк тер қарбалас тіршіліктің
Ол қала үшін құны жоқ қара бақыр.
Қаланың ту сыртында қала жатыр.
Дана жатыр,
Онда əзіз баба жатыр...
Қабір сайын қарайған құлпытастар
Қара ормандай көбейіп бара жатыр!..
Қаланың ту сыртында қала жатыр.
Қабір емес,
Аты оның – Заманақыр!
...Табыттың соңына еріп тауға қарай
Тағы бір қаралы топ бара жатыр.
Қаланың ту сыртында қала жатыр...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері