Мен Құдайдың құлымын, ұлы емеспін – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Мен Құдайдың құлымын, ұлы емеспін» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.07.2021
  • 0
  • 0
  • 989
Мен Құдайдың құлымын, ұлы емеспін,
Ұл болуды /құл емес/ тілемес кім?..
Құрсағынан шыққалы жан анамның
Қыр соңынан қалмаймын ұлы Елестің!
Елес қуып келгенмін дүниеге,
Құл ие ме?
Өмірге ұл ие ме?..
Шыбын жаным шыққанша шыңыраудан
Шын иеме – табынам Ұлы иеме!
Жарылқар деп жарлысын құтыменен,
Жаратқанның жарлығын күтіп өлем.
Ақыретте жуылар күнəм менің
Қанмен емес,
Ананың сүтіменен!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері