Өлең, жыр, ақындар

Ақ жаңбыр

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1479
Көктемде бір тоғайлар шуылдайтын,
Көктемде бір дуылдайтын,
Бетке жұққан даланың ақ тозаңы,
Ақ жаңбырлар жумаса, жуылмайтын.
Тамшы көрмей, тобарсып қалған қыр да,
Жаутаңдайтын аспаннан жауған нұрға.
Ақ жаңбырдың астында жүйткіп жүріп,
Біз де айналып кетуші ек ақ жаңбырға.
Көңілдің де,
беттің де кірі кетіп,
Ағушы едік даланы дүбірлетіп,
Ақ найзағай секілді айқыш-ұйқыш,
Ақ жауынның арасын тіліп өтіп.
Аспан жерге түскендей күркірейтін,
Күркіресе-ақ болғаны–қыр түлейтін...
Шаң-тозаңнан іштегі арылардай,
Көкірек те сондай бір күй тілейтін...
Жел-құйынның кілегей шаңы басып,
Аңызақтың өтінде арып-ашып,
Қоңырайған қырлардай бірте-бірте,
Кете ме екен оның да әрі қашып.
Бұйра бұлттар бір кетіп, бірде келіп,
Шатқал шыңнан аса алмай тұр бөгеліп.
Жуып-шайып өтетін тасқын судай
Бір ақ жаңбыр кеудеме жүр керегіп...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сағыныш

  • 0
  • 0

Сағыныш - Сағи Жиенбаев
Көктемнің балғын күнінде
Жағаға келіп жаттым да,
Саусағым басы дірілдеп,

Толық

Арал аңызы

  • 0
  • 0

Арал аңызы - Сағи Жиенбаев
Көк теңіз теңселеді, толғанады,
Толқындар жарға соғып долданады.
Алқынып, алабұртып асау Арал,

Толық

Сөнбейтін от

  • 0
  • 0

Сөнбейтін от
Ұлым менің,
Сенбісің?
Сағи Жиенбаев

Толық