Балғын гүлдер

Бұл бетте «Балғын гүлдер» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1033
Балғын гүлдер
Жатушы еді далада,
Балғын гүлдер
Сатушы еді қалада.
Балбыраған, бәрі сондай әдемі –
Қызғылт еді,
Сарғылт еді,
Ақ еді...
Көп еді оның,
Көп еді оның түрі де,
Сен олардың ұқсамайсың біріне.
Көл жағалап,
Қуушы едік құстарды,
Қиқу салып,
Талай алдан ұшқан-ды.
Бәрінің де ғажап еді әуені,
Аңқау еді, албырт еді,
Сақ еді.
Көп еді оның,
Көп еді оның түрі де,
Сен олардың ұқсамайсың біріне.
Ұқсамайсың
Атып алған құстарға,
Ұқсамайсың
сатып алған гүлдерге...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балғын гүлдер өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Балғын гүлдер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балғын гүлдер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Балғын гүлдер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері