Пойыз – Айдана Қайсарбекқызы

Бұл бетте «Пойыз» атты Айдана Қайсарбекқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1060
Құпияма құса құйып қояйын ба
Аяйын ба азған мына купені?
Биші жолдың белін басып
Кім бақытты күтеді?
Біздің рельс жотаға кеп бітеді...

Жотадағы жалғыз қайғы,
Жасаураған жалбыз қайғы
Жылтырайтын іңір шығын сүйсе күн.
Жолдаааар!
Жолдар, неткен ұлы биші едің!
Жотаңдағы жалбызыңның исі өлім.
Қуанатын тисе мұң...

Мен бәрінен қызғанамын өлердей,
Жалғыз сені.
Жалбыз сері жабатұғын жотаға
Жетелейтін уақытың да жетеді.
Мен қызғанам пәк жарымдай некелі
Сені,
Өзгелерден баста бағы бес елі.
Сен де мені күнәлардан
Сәл қызғансаң нетеді?!

Бұрымымның ұшындағы сыңғырдың,
Мұңына да құлақ түріп үлгірдім
Сөйтсем ол да зарым екен өзімнің.
Құпиясын көре жаздап құрдымның,
Жағасына жармастым да
Әйнектегі өзімді өзім сындырдым...

Әйнек сынды...
Сұлба бірақ тұр әлі.
Жалғыз ғана әзәзіл ме кінәлі?
Көзіңдегі отыңменен өртемей
Қоя тұршы,
Сәл жанардан тая тұршы
Сайтан сүйген сұр сұлбамның сыңары.
Мен емеспін күнәлі...
Ол бәріне кінәлі...

Ал күнәһәр,
Ал кінәһар мен шығармын жазалы.
Әнектегі қадалып тұр көз әлі...
Жотадағы жалбыз басқан жанарын
Жымияды жалғыздықтың мазары.
Күт, жоталар,
Бір күндері
Бұрқ етеді топырақтың тозаңы...

Құдайдан қорықпайтын болды көп ел...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Пойыз өлеңінің авторы кім?

Айдана Қайсарбекқызы — осы өлеңнің авторы.

Пойыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Пойыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айдана Қайсарбекқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Пойыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері