Талас – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Талас» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 678
Деді біреу:
– Тым ашықтық жараспайды әйелге.
– Ақжарқынды жақсы деу бар
болса дағы қай елде.
Деп таласты екіншісі, –
Пәлен ынжық, тұйық-ақ,
Кеткен сынды
тілін соның
біреу мүлде қиып ап.
Енді бірі тастады оны
Бет қаратпай тыйып-ақ:
– Маңғаз, – деді, —
тұла бойын
қойған дерсің
Қорғасыннан құйып-ақ.
Пай-пай пенде адамдар-ай,
Қай бабыңды табарсың!
Ақ періште келсе алдыңа,
Оған да мін тағарсың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Талас өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Талас өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Талас өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Талас өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері