Ақ Еділ – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ақ Еділ» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 793
Ең жойқын, ақ жайқын, Ақ Еділ,
Сен неткен айдынды ең, кең едің?
Қырың құт, баурайың бақ Еділ,
Халықтың ырысы дер едім!
Көп көрген көне Еділ, ана Еділ,
Дарқансың, мейірбан асылсың.
Бойында алуан сыр бар Еділ,
Тарихсың, өзің сан ғасырсың.
Таусылмас несібе ұрпаққа,
Нанысың қолында баланың.
Ел бағы, ер сағы сын шақта,
Туысың ар, намыс, сананың.
Сондықтан Ақ Еділ, ана Еділ,
Атандың әйгілі әлемге.
Сондықтан ақ Еділ, нән Еділ,
Сыймайсың азғантай өлеңге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ Еділ өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ақ Еділ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ Еділ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ Еділ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері