Жағынбадым, жалынбадым ешкімге – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жағынбадым, жалынбадым ешкімге» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1137
Жағынбадым, жалынбадым ешкімге,
Өзімді-өзім бағып сергек өстім де,
Талап, еңбек серік болды жасымнан,
Несібеме риза ғұмыр кештім де.
Қадам сайын құрылған сан бөгетке
Төздім, айтпай тарынып еш наз-өкпе.
Сонда дағы өкшелейді өзімшіл
Атақ, байлық, мода қуған желөкпе.
Ашыққаннан жаман дейді құныққан,
Бұл өңірден саудагер тап мұны ұққан!
Ашқарақтың мол ақша боп арманы
Кейбіреулер адамдығын ұмытқан.
Ал осының ойласаңыз мәнісін,
Саясаткер құрып саудаға әр ісін,
Адамдардың құлқынын да нарықтап,
Өзгерткеннен ізгілікті — ар ісін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жағынбадым, жалынбадым ешкімге өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Жағынбадым, жалынбадым ешкімге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жағынбадым, жалынбадым ешкімге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жағынбадым, жалынбадым ешкімге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері