Ақ сәуле – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ақ сәуле» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 774
Ақ сәуле!
Саған кімдер емес құштар!
Ақ дейміз адалдықты етіп тұспал.
Ізгі жан, үлкен жүрек, игі қадам –
Түйінін жалғыз ауыз ақ қана ұстар.
Жақсылық атаулының жаршысысың,
Әр жанның аузындасың сен сол үшін.
«Сәулем» деп үмітіне балайды адам,
Табиғат паш етеді сәуле күшін.
Ақ сәуле алауласа күншығыстан,
Түн түріп шымылдығын, бұлт ығысқан.
Ақ ару – ақ сағымдар аймаласып,
Ақ қанат жер үстінде нұр тоғысқан.
Осы нұр өмір сәнін белгілейді,
(Несіне деме, оқушым, тергілейді).
«Қара жер бауыры суық» тек сәулеге
Шынайы жүрек жарып елжірейді.
Сондықтан сәуле тірлік тірегіндей,
Оған шат тұратын түн күле білмей.
Ол жүріп өткен жолдың болған емес,
Қалғаны шешек атар гүл егілмей.
Адамға қиял қонып ой түнеді,
Әрқилы бірақ түлер ой түлегі
Ақ сәуле ақ кірпігін бір көтерсе
Тұра алмас тұра қашпай ой түнегі.
Бұзады сәуле түссе, түнек түсін,
Тырнайды түнек басқан адам да ішін,
Жалын жас жар сүйсе адал сәуле сынды
Оқ атар деп дұшпанға «Сәулем үшін!»
Өмірден сәуле адамның алашағы,
Сәулемен ертеңіне ол жол ашады.
Ғарышқа алып ұшар аяулы ақ құс —
Ақ сәуле игі қауым болашағы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ сәуле өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ақ сәуле өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ сәуле өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ сәуле өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері