Шіркін-ай, өмір, қайдасың! – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Шіркін-ай, өмір, қайдасың!» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 811
Әдеміні,
әсемді
Таңдаудан адам талмайсың,
Жаныңа рахат теңізді
Сіміріп жұта алмайсың.
Әдеміні,
әсемді
Таңдайсың, әсте талмайсың,
Жылылық іздеп құштарсың,
Отты ұстап тұра алмайсың.
Әдеміні,
әсемді
Таңдайсың еш талмайсың,
Биікті тілеп тұрсаң да,
Құзда өмір сүре алмайсың.
Әдеміні,
әсемді,
Таңдайсың,
адам, талмайсың,
Ғарышқа сонша іңкәрсің,
Аспанда тұра алмайсың.
Әдеміні, әсемді
Таңдаудан, адам, талмайсың,
Мүмкіндік жоққа құмар көп
Шіркін-ай, өмір қандайсың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шіркін-ай, өмір, қайдасың! өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Шіркін-ай, өмір, қайдасың! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шіркін-ай, өмір, қайдасың! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Шіркін-ай, өмір, қайдасың! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері