Шіркін адам!

Бұл бетте «Шіркін адам!» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 744
Шіркін адам!
Анадан сен,
кіршіксіз де пәк туасың.
Есейген соң
есің кіріп,
адамдық зор іс қуасың.
Өмір – өзен,
уақыт – жылым,
жылжып жылдар, айлар өтеді,
Кей адамның сол пәктігі
толысқан соң қайда кетеді!
Кемеңгерлер,
Ғұламалар,
өлмес мәңгі өнерлі өседі.
Ісі қалып
адамдарға,
дүниеден ол да көшеді.
О, сілкіскен фәни дүние,
Айтуға тек оңайсың-ау.
Жылымдайын
жылжып жатып,
пәктікті сен тонайсың-ау!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері