Айға – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Айға» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 897
(1769)

Сіңлісі Күннің,— Айысың,
Назсың бір жүрген жабығып,
Күміспен шеккен шәйісің,
Тұрасың тұман жамылып.
Жетер тек түнгі қиядан
Аяқты кербез басқаның.
Құс кетсе таңда ұядан
Оянған мен бір қасқамын.
Шоласың жаһан аумағын,
Соқпағын кезіп, қияның.
Ұшыршы бірге, ау, жаным,
Шалқысын оттай қиялым!
Көрінбей тыңшы дұшпанға,
Түн кезіп мен де келейін,
Қалықтап алыс аспанда,
Әйнектен жарды көрейін.
Тым құрса түнде бір көріп,
Сағыныш уы басылсын.
Мүсірке мені, нұр беріп,
Жарқ етіп көзім ашылсын.
Көрінді әне,— жатыр ол:
Жалаңаш балтыр, төс қандай!
Қарашы, мені шақырды ол,
Эндимион сені тосқандай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айға өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Айға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иоганн Вольфганг фон Гёте өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері