Вокзал – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Вокзал» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 974
Вокзал дейміз,
Бір ғажайып орын бұл.
Сан сапарлар тоғысады осында.
Адамдардың кең құшағы толы гүл,
Кездеседі таныстар да, тосын да.
Біреу күтіп, біреулер жүр ұзатып,
Құзырына бағындырып уақыт.
Кей көңілді асықтырып, жетелеп,
Кей көңілдің тауын шағып, уатып.
Тек сапарлар ғана сынды жосылып,
Мынау дүние лепіріп, бір тосылып...
Жүректер мен дөңгелектер ырғағы
Жақын қалған армандардай қосылып.
Біреу өтеп, біреу алып қарызды,
Алға апарар жерге түскен әр ізді.
Біреу келіп, біреу кетіп жататын
Мынау өмір езі вокзал тәрізді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Вокзал өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Вокзал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Вокзал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Вокзал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері