Бас
Бұл бетте «Бас» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Эрмитаждың түкпірінде хан басы,
Жарылқасын жалғыз ғана Алласы.
Ақ сүйекте апайқын боп тұр білем,
Қырғыздардың қылышының таңбасы.
Тұқым қуған сатқындыққа таңғалам,
Мәңгі тірі жаны сірі оңбаған.
Намыстанам, қапаланам, қорланам,
Сүйегіме түскен сол бір таңбадан.
Көндік талай тонауға да талауға,
Бостандығым желбірейді жалауда.
Именемін көтеруге кеудемді,
Ханның басы жатқан кезде қамауда...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі