Қобдиша бетіндегі сурет – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қобдиша бетіндегі сурет» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 684
Көркің қандай, япыр-ай, көгілдір Ніл,
Аймағыңа көк мұнар төгіпсің нұр.
Жағандағы майысқан мәуелі бақ
Тамашалап бейнесін түйелі тұр.
Жапырағын кең жайған сая ағашың,
Қасиетті хұрмаға бай ағашың,
Әлемге әйгі ғажайып Пирамидаң
Көлеңкемді дей ме адам саяласын...
Қобдишамның бетінде осы сурет,
Әсерінен жыр төкті толқып жүрек.
Кім екенсің Сахара – шөл асырып,
Он саусақтан сұлу саз төккен, құдірет!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері