Дарқан болса жүрегің – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Дарқан болса жүрегің» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 714
Қартаймайсың дейсің, мені күндейсің
Өз жүйкеңді өзің түтіп жүндейсің.
Соны ойлап ашытып аз миыңды,
Қартаятыныңды неғып білмейсің?
«Қартаяды ісегінде жаман қой» –
Дейді халық.
«Қалт айта ма», тамам ғой.
«Жақсы болса, жаужұмырды ит жемейді»
Жақсылығың – алынбайтын қамал ғой.
«Сырлы аяқтан сыр кетсе, сын кетпейді» –
Оны айтуға әділдігің жетпейді.
Көңілің кең, дарқан болса жүрегің
Жаны-тәнің көк өлеңдей көктейді.
Ішіне дәм түссе аузыңа ұстаған,
Болсаң-дағы осы аяққа ұқсаған,
Сыры кеткен, сыны өзінде көз тартар
Боласың, дос, сен де жақсы нұсқадан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дарқан болса жүрегің өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Дарқан болса жүрегің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дарқан болса жүрегің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дарқан болса жүрегің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері