Әминаға – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Әминаға» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1119
(70 жылдығына)

Жетпісің мынау мерейлі
Құтты болсын, Әмина.
Талайың өсіп, тау болып,
Бақытқа толсын жан ұя.
Қазақтың бір қызысың,
Халқы үшін жаралған.
Елімізді асып есімің
Әлемге бүкіл таралған.
Шықтың жастай жалындап
Қанатында ойнап өнердің.
Енбегің бар сан сала,
Халқыңа десе не бердің.
Ұстаздық еттің жалықпай,
Қызына қазақ үлгісің.
Ыбырай салған ізбенен
Жалғадың ғылым үрдісін.
Имандылыққа бой ұрып,
Хақ үйін көрдің құм асып.
Сен салған үрдіс бүгінгі
Ертеңмен жатар ұласып.

14.05.1998 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әминаға өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Әминаға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әминаға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әминаға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері