Алатауы ақындардың – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Алатауы ақындардың» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 613
Жердегі әр биіктің бар атауы,
Әділ ғой сізді халық дана атауы.
Торқалы тойыңызға құтты болсын, –
Дей келдік, ақындардың Алатауы.
Қарт ата, сыңғыр көмей, жез таңдайлым,
Жеткізер құрметімді сөз таңдаймын.
Балғын ән, балауса жыр жүрегімде,
Оянған шырылынан «Боз торғайдың».
«Туған ел», «Қайран жастық», «Дина келін»,
Естілсе алты қырдан жиған елін.
Шырқатып, шығандатып, шың басынан,
Қайырып, сорғалатып құйған едің.
Демеңіз тақылдаған мұнысы кім,
Аймаққа менің де аян күміс үнім.
Жармасқан тұлпар өнер тізгініне,
Әйгілі Сара ақынның сіңдісімін.
Ән мен жыр халқымызға ырыстайын,
Гауһар су, мөлдір ауа тыныстайын.
Тұрғанда сіздей үлгім, мен неліктен,
Ұқсауға өзіңізге тырыспайын.
Кене ата, сомдап соққан ән естісін,
Тойыңа жиналған жұрт тағы естісін.
Дәстүрді өзі салған жалғастырып,
Ал, алқа, шырқап берем «Ақ ешкісін».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алатауы ақындардың өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Алатауы ақындардың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алатауы ақындардың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алатауы ақындардың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері