Көктем көркі – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Көктем көркі» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 802
Неткен ғажап көктемдегі күн көркі!
Бар табиғат кіл өзгерген біркелкі.
Пүліш халат киіп кербез Алатау,
Қалыпты тек шекесінде мұз бөркі.
Қысқы сыздың ізі де жоқ кешегі,
Жібек самал баяу ғана еседі,
Ақ киізін жиып алып жер ана,
Айқара кеп қалы кілем төседі.
Ақ қайыңның жасарыпты реңі,
Мол саялы мәуесі көк тіреді.
Тәтті ұйқыдан шат оянған сұлудай,
Сай-саладан күміс бұлақ күледі.
Анау қырға жіберсеңіз көз қырын,
Ауыл көркі қандырғандай көз нұрын.
Мынау жатқан іргесінде егіні,
Мұндай сәнді көріп пе еді көз бұрын.
Неткен ғажап! Айналаң шат көңілді!
Жер бетіне дән қылтиып көрінді!
Жасыл шашақ – желбіреген сол дәннен
Болашақты, көрем сәнді өмірді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктем көркі өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Көктем көркі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктем көркі өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көктем көркі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері