Дала тынысы – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Дала тынысы» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 766
Көп таңдайды тамсандырған сұлудай,
Торғын киіп келді толқып сұлу Май.
Көгілдір көк – айдынды көл, ақша бұлт,
Еркін жүзген оның кербез қуындай.
Төңірек дәл түркіменнің кілемі,
Кірмеген бір зат қалсашы реқі.
Қабақ ашпай тұратұғын тымырсық,
Жартас тағы бүгін жайраң күледі.
Жұпар демі, тынысы сай-саланың
Қоңыр кешкі әлдиіндей ананың.
Жарын тосып жалқы жүрген арудай,
Жаудырайды қызғалдағы даланың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дала тынысы өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Дала тынысы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дала тынысы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Дала тынысы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері