Сезім

Бұл бетте «Сезім» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 774
Еркін жел сәбидей еркелеп оятқан
Таң гүлімісің!
Көктемнің әлемді жасылға боялтқан
Жаңбырымысың!
Жандыға нәр болып құйылған
Күн Нұрымысың!
Бұлбұлдың тыңдаушы ұйыған
Сырлы үнімісің!
Әйтеуір сүйемін шолпы үні
Сыңғырын үшін!
Сүйемін теңіздің толқыны —
Мың қырың үшін!
Сүйемін асауды алдында сызылтар
Сиқырың үшін!
Бал шырын бүлдіршін қыз іңкәр
Бір сырың үшін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сезім өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Сезім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сезім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сезім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері