Екі алып – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Екі алып» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 843
Алтын қалпақ басында,
Қарт алыбы орыстың,
Тас түйілді тосуға
Жат батырын алыстың.
Тау, даланы жаңғыртып
Оның жайы болды сөз,
Жүрді екеуі құмартып
Шайқасуға, болып кез.
Дүрілдетіп соғыспен
Келді үш жеті қайсары;
Жаудың тәжін ол күшпен
Жұламын деп байқады.
Орыс батыр оған құр
Езу тартып жымиды:
Сілкіп еді басын бір...
Қайсар "аһ" деп жығылды.
Жығылды алыс теңізге,
Жан көрмеген тасқа ұрып
Кек толқынды елсізде
Дауыл жатыр сапырып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Екі алып өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Екі алып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Екі алып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Екі алып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері