Түс

Бұл бетте «Түс» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 966
Жатырмын Дағыстанның аңғарында,
Кеудемде шықпаған сол жан барында.
Езеді қорғасын ой, жаным жара,
Амалым әлі менің дағдаруда.
Жатырмын жапа-жалғыз құмға батып,
Қоршайды айнала тау мұңға батып.
Күн оның күйдіреді қасқа басын,
Өртенем, түстер көріп мұнда жатып.
Түсіме кірді сонда туған жерім,
Дуылдап талай сауық құрған жерім.
Отырды мен туралы әңгімелеп,
Келіншек, қыз-қырқынды думанды елім.
Бірақ сол көңілді топ арасында,
Отырды қалың ойда дара тұлға.
Кім білсін, қандай өзен ағып жатты,
Елестің сеңгір-сеңгір арасында.
Ол-дағы Дағыстанды көрген болар
Өлікті жатқан таныс көмген болар.
Дақ салып жазылмастай жүрегіне,
Сумаңдап суық қанжар төнген болар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түс өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Түс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері