11 шілде

Бұл бетте «11 шілде» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 767
Жалқын бұлттың ішінде,
Жатқан шыңға зіл артып,
Күн батты бір кешінде
Айналасын қызартып.
Сол бір бикеш әлі есте:
Мен ұмытып өзімді,
Келбетінен келісті
Ала алмадым көзімді.
Алтын арай сол кеште
Аймалайды қыз бетін.
Тәтті түстей елестеп,
Қойды бүгін іздетіп.
Нәзік ерін, назды көз
Келе берер алдыма.
Аса аяулы сол бір кез,
Арман болып қалды ма?
Бақыт деген баянды –
Орындалса тілегің.
Барлығы есте қалады,
Шын селт етсе жүрегің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

11 шілде өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

11 шілде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

11 шілде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

11 шілде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері