Жалғыздық

Бұл бетте «Жалғыздық» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 1287
Жалғыздық деген сор екен
Тигенде тұрмыс соққысы,
Қуанышқа ортақ кеп екен,
Қайғыға ортақ жоқ кісі.
Құдай жалғыз, мен жалғыз,
Жүректі дертке шалдырдым.
Өткен дәурен - көрген түс,
Үкімі солай тағдырдың.
Сынаптай сырғақ уақыт бұл
Оятар ескі арманды,
Аулақта күтіп табыт тұр.
Кетейін қимас нем қалды?
Қиналар біреу болар ма
(Сенімім оған зор менің),
Рахат болар оларға
Туғанымнан өлгенім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалғыздық өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Жалғыздық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалғыздық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалғыздық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері