Тағы да қаздар қайтты

Бұл бетте «Тағы да қаздар қайтты» атты Серік Жетпісқалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Тағы да қаздар қайтты,
Қиқулап аспанымнан.
Тағы да мұң-сырды айтты,
Ой әлек қас қағымда.
Биыл да оралмадым,
Қиналдың жас шағыңнан.
Әйтеуір толар бағың,
Қуат ал дастанымнан.
Үмітің үзілмесін,
Қыс өтер, жаз оралар.
Сезімің көз ілмесін,
Сенімді тез оңалар.
Көзге жас тізілмесін,
Мен үшін жаза болар.
Ақ қаздар көк төсіне,
Ақ тілек жаза барар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тағы да қаздар қайтты өлеңінің авторы кім?

Серік Жетпісқалиев — осы өлеңнің авторы.

Тағы да қаздар қайтты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тағы да қаздар қайтты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Жетпісқалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тағы да қаздар қайтты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері