Қағазбен орылған шөп – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Қағазбен орылған шөп» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1752
Қағазда жортып қаламы,
Алмайды бір сәт дамылды.
Ақпармен шарлап қаланы,
Қағады күнде дабылды.
Аттанып ылғи цифрлы із
Тізеді қатар тіресіп.
Хатшы бір сондай сылқым қыз,
Тұратын еңбек күні өсіп.
Ол жатты шөптің басында,
Шабындық қайда, — көрген жоқ,
Хатшы қыз, "актив " қасында
Ол оған ойды аз бөлген жоқ.
— Жаз! — дейді хатшы сылқымға,
Жазылып, демде қалады,
Жан бітіп әлсіз цифрға,
Қанатын демде қағады.
— Аттандыр! — дейді ауданға,
Болмаған ертең болады
Жолдыбай көкең тұрғанда,
Кругом жүзге толады.
Деп қысса болды сол көзді,
Бүлк етсе болды мұрт жағы.
Байқағыш хатшы ол кезді,
Қимылдан біледі ұрттағы.
Түсінген әбден құныққан,
Қутыңдап қалған шұнақ қыз.
Сезеді кейде миықтан,
Дегенді: "өмір, бірақ сыз".
Күніне қаптап көп цифр,
Тартады шеру ауданға,
Десте жоқ шөпте тып-типыл,
Бір мая жатыр әр жонда.
Күніне оңға, солға да,
Ағылып ақпар шабады.
"Алдағы жылғы қорға да,
Қойдық " деп дабыл қағады.
Ерніне салып насыбай,
Шолжақтап айтса болғаны,
Бар көптің өзін тасымай,
Қалғаны — құдай ұрғаны
Тексеру болса: "жиналмай
Жатыр " деп сылтау табады,
Қалмайды қыста қиналмай,
Көршіге қарай шабады.
Бар әлі мұндай Жолдыбай,
Қағазбен шөпті оратын,
Орнынан жұмыс жылжымай,
Жыл он екі ай тұратын.
Екі нөл қосын таяққа,
Шығарғыш демде жүз етіп,
Қыс түссе мініп аяққа,
Малдары таңды күзетіп. —
Шөп емес сояу шайнайды!
Жолдыбай жатыр жастықта.
Мал қамын қашан ойлайды,
Кім бұл өзі бастық па?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қағазбен орылған шөп өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

Қағазбен орылған шөп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қағазбен орылған шөп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқар Тоқмағамбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қағазбен орылған шөп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері