Оян Қазақ – Абайбек Сырым

Бұл бетте «Оян Қазақ» атты Абайбек Сырым жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Болашағын ойласам Қазағымның.
Көңілімді жабырқау басады мұң.
Тегін білместерді тексіз деуші едік.
Тіл білместер бұл күнде қаптады шын.

Егемендік кеше ғана алған еді.
Елдік үшін алаңға барған еді.
Қазақ болып орысша сөйлеу үшін.
Қайраттар қасық жанын қыйған ба еді.

Ойлансаңшы ей қазақ,ойлансаңшы.
Кешегіні бір сəтке ойға алсаңшы.
Кеңестің кесапатты жетпіс жылын.
Аштық пен қырық бесті еске алсаңшы.

Сорлатты ғой сары орыс,сорлатты ғой.
Жақсыларын жерімнің жалмады ғой.
Əкесін құл шешесін күң жасағанның.
Тілінде сорлы ғана сөйлейді ғой.

Оян қазақ уақытың өтіп барат.
Қазақ аты біртіндеп семіп барат.
Елдігіңде есіңді жыймасаңдар.
Бүгінгі күн мүмкіндік, ертеңгі күн кеш болат.
Сондықтан оян Қазақ, ойлан Қазақ.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар