Құдай берген ауруды емдетпедім

Бұл бетте «Құдай берген ауруды емдетпедім» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 733
Құдай берген ауруды емдетпедім,
Адам деген атымды пенде етпедім.
Көбелекше елігіп көп қызыққа,
Ебелекше еркімді желдетпедім.
Бір мінезбен өтуді мақұл көрдім,
Ауызынан сөз аңдып ақылды елдің.
Бас бола ма ертең деп бір қауымға
Жас балаға жақсының атын бердім.
Алданса да сан рет аңғал басым,
Сенім болды серігім, жан жолдасым.
Жалған ауып,
Жарық күн түн болғанша
Аруақ қолдап,
Жолымды Алла оңдасын!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері