Әлдекім
Бұл бетте «Әлдекім» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Азарланып, безерленіп əл-демім,
Өзімді-өзім танымастай халдемін.
Кеудем ішін емін-еркін еншілеп,
Ен жайлаған сияқты ма əлдекім?..
Еніп алған – не қарақұс, не құзғын,
Енді қайттім? Не бүлдіріп, не бұздым?
Жүрегімді –
Кеудемдегі керімсал
келгені ме жебір құсқа жегізгім?
Енген екен – жесін,
жұтсын,
қылғытсын
Кеуде кеулеп, көкіректі ұңғып шын!
Онсыз-дағы жүдеу, жадау, жүз жамау
Бұл байғұсты кімдер ұқсын, кім күтсін?!
Жүректі жеп,
Жанға ауыссын, жалмасын,
Қанға ауыссын,
Көні кепсін, қанбасын!
...Мен қарға мен құрбанымын құзғынның
Тақтан жеріп, мекендеген тал басын...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі