Жеңгелерім – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жеңгелерім» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1874
Мен үшін тосуға әзір желге демін
ең жақын жандарым бар елде менің.
Жұлдыз жоқ демесеңдер кеудесінде,
әрқайсы елестетер Еңбек ерін.
Жайраңдап, жарқылдасып жүрсіңдер ме,
аяулы қайран менің жеңгелерім?!
Сендерге қатыстыдай жан арманым,
тапсам деп көңілімді алаңдадың.
"Көзжақсым", "Еркемдерді" талғап, таңдап
жарыса ат қоюшы ең маған бәрің.
Көңілімді кірбің шалса, айыптыдай
сезініп, жасырдыңдар жанарға мұң.
Жасымнан ойларды орып, жыр екшедім,
бұл жолда бәрің маған тілекші едің.
Өнердің алаңы – ұрыс, мені талай
шықты аман алып өлең-күрескерім.
Мінезім әлі күнге оңбай жүрсе,
бар мұнда сендердің де үлестерің.
Балғын шақ оралмайтын бір аңыз ба ед…
Қала емес, шағын ауыл, құба дүзде ек.
Қасым мен қабағыма қараушы еңдер,
"Еркемнің" қай жағынан шығамыз деп.
Ол кезде балауса еңдер ойламаған
шау тартып орнымыздан тұрамыз деп.
"Қалай жүр, сау ма екен?" – деп мені әлі де
жүретін сендер ғана сұрап, іздеп.
Сендерсің – аңсап-талып ел дегенім,
елжіреп сағыныштан, сенделемін.
Бір жасап өздеріңді көрсем болды
жасарып кетердеймін мен де керім.
Қазақтың ошағына құт қондырған,
қартаймай жүріңдерші, жеңгелерім!
1995


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жеңгелерім өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Жеңгелерім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жеңгелерім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жеңгелерім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері