Жүрегiмдi түбiнен
Бұл бетте «Жүрегiмдi түбiнен» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жүрегiмдi түбiнен
Қазатын жан бар ма екен?
Жан жарасын тiлiмен
Жазатын жан бар ма екен?
Үмiтiмнiң шырағын
Жағатын жан бар ма екен?
Тағдырымның тұрағын
Табатын жан бар ма екен?
Өрге шықсам, басымда
Жанатын жан бар ма екен?
Көрге түссем... қасымда
Қалатын жан бар ма екен?
Көзiмдегi бұлаққа
Қанатын жан бар ма екен?
Менiмен бiр Жұмаққа
Баратын жан бар ма екен?..
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі