Желiгi – Жаз – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Желiгi – Жаз» атты Исраил Сапарбай жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 19.07.2021
  • 0
  • 0
  • 703
Желiгi – Жаз,
Елiгi – Наз,
Дертi – өлең,
Еркi, көркi елден ерек еркем ең...
Жас тамбасын кiрпiгiмнен десем де,
Аспандасың,
Амал қанша, Жер төмен.
Аспандасың,
Ақша бұлтта мекенiң,
Аллаға аян жете алмасым, жетерiм...
Желiкпейдi баяғыдай көңiлiм,
Жел үптейдi Алатаудың етегiн.
Алатаудың ұшарына сəлде орап,
Алматыда ендi өспейдi алма бақ.
Аспан мен жер ауырсынбай салмағын,
Қауырсындай қалықтайды қар-қонақ.
Алатаудың ұшар басы заңғар-ау,
Алма бағы – Алматыға арман-ау...
Қауырсынның жалғыз талын қарманып
Қара жерге қайтсаң еттi, қарғам-ау?..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері